“Әкем - асқар тауым”

№4 арнайы балабақшасында ағымдағы жылдың жылдық жоспарына сәйкес, “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” жобасы бойынша “Әкем - асқар тауым” атты "Айгөлек" ортаңғы топ балалары мен әкелері  бірлескен жұмысын бейнежазбадан көруге болады.

Мақсаты:

• Балаларды отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату, ата-аналарды топтың қоғамдық өміріне тарту арқылы олардың балабақшаға деген оң көзқарасын арттыру.

•Әке - ұлы күш пен сабырлықтың иесі. Әке баласының физикалық  және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалады.